Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қайыршылықпен айналысқандар анықталды

Павлодарда қайыршылықпен айналысқандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдың басынан бастап Павлодар облысы құқық қорғау органдарының сақшылары қоғамдық орындарда ақша сұрағаны үшін 2190 адамды жауапқа тартты.

– Мысалы, жақында Павлодар қаласының Н.Назарбаев даңғылында орналасқан сауда үйлерінің аумағында өтіп бара жатқан азаматтардан ақша сұраған екі әйел мен кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Жоғарыда аталған адамдар көші-қон қызметіне жеткізіліп, ҚР ӘҚБтК 449-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотта қаралып, сот шешімі бойынша аталған азаматтар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметінің бастығы Арайлым Мирамбекқызы.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес (Кәсіпкерлік субъекті болып есептелмейтін адам жасаған заттарды сатып алу, сату, айырбастау сондай-ақ қайыр сұрау, сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету)  – 5, 10АЕК немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру