Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сервистік полиция моделі бойынша пилоттық жоба басталды

Павлодарда сервистік полиция моделі бойынша пилоттық жоба басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын орындау туралы тапсырмаларын орындау аясында Павлодар қаласының аумағында 1 тамыздан бастап пилоттық режимде “Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі” жобасы іске қосылды, жоба 2023 жылғы 1 қазанға дейін жалғасады.

Айта кету керек, Ішкі істер министрлігі полиция жұмысының сервистік моделіне кезең-кезеңімен көшу бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде, ол қауіпсіз және құқықтық қоғам құру үшін құқық қорғау органдарының басқа құрылымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылын көздейді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздік саласында тиімді профилактиканы қамтамасыз ету және сапалы қызметтер көрсету. Сондай-ақ, сеніп тапсырылған әкімшілік аумақта толық және сапалы полиция қызметін көрсету және ІІО қызметіндегі бюрократиясыздандыру міндеттерін қамтамасыз ету, полицияның негізгі қызметтеріндегі жұмыс процестерін оңтайландыру үшін “учаскелік полиция” пилоттық моделі іске қосылды.

Бүгінгі таңда сервистік жұмыс үлгісін жүзеге асыру аясында осы жылдың сәуір айынан бастап облыста дағдарыс орталықтары базасында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Осындай қылмыстардан зардап шеккендермен барлық тергеу әрекеттерін “Павлодар қалалық әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы” базасында әйел тергеушілер жүргізеді, онда оларға бірыңғай медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі.

Облыс әкімінің қолдауымен және “жұртқа жақын” полиция қағидатын орындау үшін облыста бейнекамералармен жарақтандырылған және азаматтар мен полицейлер үшін ыңғайлы 16 модульдік учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Облыс қалаларының қоғамдық орындарында 4 стационарлық полиция постты, сондай-ақ SOS батырмасы көмегін шұғыл шақыру үшін 17 құрылғы орнатылған.

Қазіргі уақытта полиция жұмысының “сервистік модельге” көшуі шеңберінде Павлодар қаласының Полиция басқармасы базасында 24 аумақтық полиция бөлімшесін (жұмыс істеп тұрған УПП орнына) құру бойынша пилоттық жоба енгізілуде.

Аталған бөлімшелерде учаскелік инспекторлардан басқа жедел уәкілдер, ювеналды және патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқаратын болады. Бұл халықпен тығыз өзара іс-қимылда жедел түрде қызмет көрсетілетін аумақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешуге, әртүрлі мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, құқық бұзушылықтарды ашу және алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру