Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда Toyota Land Cruizer жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Павлодарда Toyota Land Cruizer жүргізушісі мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде автомобильмен жүру – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде жол жүрісі саласындағы ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі.

– 15 қарашада сағат 21.53-те Академик Сәтпаев-Лермонтов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Land Cruizer 200 маркалы көлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйінде көлікті басқарған. Ер адам квас пен қымыз ішкенін айтты, – деді Павлодар қалалық патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медьяров.

Полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, материал сотта қаралды. Сот қаулысымен павлодарлыққа 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру