Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жалдамалы алаяқ ұсталды

Павлодарда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта Павлодар облысының аумағында алаяқ қылмысы артып кетті. Мәселен, 6 маусымда Forte bank қызметкерлерінің көмегімен облыстық орталықтың банкоматтарында алаяқтық жолымен өндірілген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 28 жастағы павлодарлық қызметкер анықталып, ұсталды.

Ол бұл адамдармен Telegram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шыққан. Олар несие алуға ұсыныс жасап, СМС-кодтар, карта нөмірлерін алған. Содан кейін құпия деректер арқылы олардың шоттарынан ақша ұрланған.

– Тергеу-жедел іс-шараны өткізу барысында күдікті павлодарлықтың жасалған қылмысқа қатысы бар екені анықталды, онда көрсетілген схема бойынша Ақтоғай ауылының 42 жастағы тұрғынынан 3,9 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденген. Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысының ПД бастығы Василий Скляр.

Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарға әсіресе егде жастағы азаматтарға қырағы болуға және мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырады.

Алаяқтарға құпия деректерді бермеңіз.
Жеңіл ақша табуды ұнататындар, егер сізге әлеуметтік желілер арқылы “дропер” немесе “курьер” жұмысы ұсынылса және бұл жұмыс заңсыз әрекеттермен байланысты болса, қылмыстық жауапкершілікті есте ұстаған жөн. Полиция мұндай ұсыныстан бас тартуға және заңсыз әрекеттерге қатыспауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру