Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықты қала ортасында тонап кеткен ер адам ұсталды

Павлодарлықты қала ортасында тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға тонау туралы өтінішпен Павлодар қаласының 47 жастағы тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, тамыз айының бір күнінде Центральная промзона көшесіндегі ғимараттың жанында белгісіз біреу оның зергерлік бұйымдарын, яғни алтын сырғасы мен моншағын жұлып алған.

– Жедел-іздестіру шарлары барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған 46 жастағы ер адам болып шықты. Сол күні қаскүнем құны 300 мың теңгеге жуық зергерлік бұйымды ашық иеленіп, ломбардқа тапсырғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Павлодар қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын атап өтті. Заттай дәлелдемелер алынып, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру