Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері металл автогаражды ұрлау фактісін ашты

Петропавл полицейлері металл автогаражды ұрлау фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының Бірінші полиция бөліміне қала тұрғыны металл автогаражының ұрланғаны туралы арызымен жүгінген. Ер адам гаражының Жуков көшесінің бойындағы өзге гараждардың қатарында тұрғанын, оны көбіне құрылыс материалдарын сақтайтын орын ретінде пайдаланғанына тоқтала кетті. Ол гаражының жоғалғанын көршілерінен білген, кейін бірден полицияға хабарлаған.
Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжановтың айтуынша, куәгерлерден жауап алу барысында гараждың кран-манипулятормен жабдықталған жүк көлігімен әкетілгенін анықталды. Жұмысшылар сенімді әрекеттеріне қарағанда көршілері металл бокс сатылып, басқа орынға қойылады деп ойлаған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Бірінші полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасауда күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 1987 жылы туған петропавлдық болып шықты. Ол краны бар жүк көлігін жалдап, кейін қала шетіндегі металл қабылдау пункттерінің біріне 130 мың теңгеге түсті метал ретінде тапсырғаны белгілі болды.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Металл қабылдау пунктінде оны қабылдау заңдылығын тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

2020 жылдың 10 айында СҚО аумағында 1 736 бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелді. Олардың ашылуы 74% астамды құрайды. Полицейлер полицияға ертерек хабарласқан жағдайда, қылмыстың “ізін суытпай” ашу мүмкіндігі арта түсетіндігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру