Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол білмей, адасқан ер адамды полицейлер тапты

Қарағандылық полицейлер далада адасып кеткен ер азаматты құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 19 қарашасында сағат 02.37-де Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне көмек сұрап, қобалжып, әйел қоңырау шалды. Полицейлер кімге не үшін көмек керегін түсіне алмады. Аздап тынышталғаннан кейін әйел, барлығын толығырақ баяндап берді. Полицейлер бір минутқа да  кешігуге болмайтынын түсінді.

Саран қаласының жеке құрамы шұғыл түрде көтерілді. Айдалада ер азамат адасып кеткен. Азаматты іздеуге полицейлер ғана емес, көмекке өрт сөндірушілер де кіріскен.

27 жастағы азамат сағат 23.00 шамасында ағасының жұмыс орнынан шығып, жаяу үйіне кеткен. Осы жолмен бірнеше рет бұған дейін де жүрген, бірақ сол күні ол адасып кеткен. Өзімен бірге ұялы телефоны болғандықтан, ол жұбайына хабарласып, адасып кеткенін айтқан. Аяздан телефонның қуаты таусылып қалған. Не үйге бара алмай, не ағасының жұмыс орнына қайта алмай, адасып жүрген. Қорыққан әйел, полицейлерге қоңырау шалып, көмек сұраған.

– Тонған ер азаматты 40 минут ішінде, ағасының жұмыс орнының жанында тауып алдық. Медициналық көмек көрсету үшін ол қалалық орталық ауруханаға жеткізілді, – деп Саран қаласының ПБ бастығы Ердан Оспанов хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру