Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қаласының дүкендерінің бірінде темекінің ақысын төлемеген ер адам жауапқа тартылды

Петропавл қаласының дүкендерінің бірінде бір қорап темекінің ақысын төлемеген ер адам жауапқа тартылды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері досының үйінде болған кезде А. есімді азамат ішімдік ішкеннен кейін жақын маңдағы дүкенге барған. Сатушыдан бір қорап темекі сұрап, ақы төлеуден бас тартқан және қылмыс орнынан қашып кеткен. Әңгіме барысында қылмысты жасаудың себебі оның мас күйінде болғанын түсіндірді.

Осылайша, азамат ауырлығы орташа санатқа жататын және ҚР ҚК–нің 191-бабының 1-бөлігі бойынша (Тонау), яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлау ретінде сараланатын қылмыс жасады.

ҚР ҚАК 57-бабына сәйкес, Қызылжар ауданының тұрғыны жасаған қылмысы ол үшін қоғамдық жұмыстарға айналды. Сот үкімімен оған 300 сағаттық қоғамдық жұмыстар жүктелді және пробация бөлімінің есебіне алынды. Ауылдық округ әкімдігінің маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес сотталған адам қоғамдық жұмыстар кезеңінде ауыл аумағын абаттандыру және қысқы уақытта қар жинау жұмыстарымен айналысатын болады.

СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметін есепке қою кезінде сотталғанмен қайталама қылмыстарға жол бермеу және қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны өтеу тәртібін сақтау бойынша профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді.

Сотталған адамның жеке басын, оның бейімділігін, қылмысқа ықпал етуі мүмкін тұрғын үй және отбасылық проблемаларын зерделеу мақсатында есепке алынған адаммен оны түзетуге бағытталған әңгіме жүргізілді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру