Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын ОLХ арқылы газ пешін аламын деп алаяқтарға алданды

Шымкенттік тұрғын ОLХ арқылы газ пешін аламын деп алаяқтарға алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтар күні Әл-Фараби АПБ-ның кеңсесіне жергілікті жердің тұрғыны шағымданды. Ол өз арызында ОLХ қосымшасында сатылымда тұрған газ пешін аламын деп, алдын ала тауар құнын төлеп, алданып қалғанын жазған. Яғни, сатушы есеп-шотына ақша түскен бойда, ұялы телефонын сөндіріп, ізім-қайым хабарсыз кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 320 мың теңгені құрайды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, бұрын-соңды істі болмаған.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, ұсталған азаматша алған ақшасын толығымен бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі кезде тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру