Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 500 литрден аса қолдан жасалған алкоголь тәркіленді

Петропавлда 500 литрден аса қолдан жасалған алкоголь тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда 5-12 шілде күндері өткен “Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь” акциясы аясында полицейлер 500 литрден аса қолдан жасалған алкоголь тәркіледі. Рейд барысында облыс орталығының жеті тұрғынынан құрамында спирті бар сұйықтық құйылған бес литрлік 100 ыдыс алынды. Барлық анықталғандар сараптамаға жіберілді.

55 жастағы қала тұрғынының қоймасынан 24 бес литрлі пластикалық бөтелкелері анықталды. Петропавлдықта қолдан жасалған алкоголь бар екендігі жайлы полицейлер әлеуметтік желілер арқылы білді. Әлеуметтік желігі қырағы қала тұрғыны осы фактіні растайтын фотосурет салған. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік материал жинақтады, сараптама қорытындысы шыққан соң әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Бұл ер адам бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін полицейлердің көзіне түскен. Сол кезде де әкімшілік материал жиналған. Рейдтік іс-шаралар барысында тағы бір қалалықтан 41 пластикалық бөтелке, яғни 200 литрден аса алкоголь тәркіленді.

– Мұндай алкоголь қауіпті, себебі осындай қолдан жасалған алкоголь ішудің салдарынан адам уланып, өлімге әкелуі мүмкін. Одан бөлек, спирттік ішімдік салдары отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында қылмыс пен құқық бұзушылыққа себепші болып жатады. Сондықтан спирттік өнімдерді сату учаскелік полиция инспекторларының бақылауында, – деп атап өтті Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру