Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдықтардан жаңажылдық мереке күндерінде полицияға 1 621 қоңырау түскен

Полиция департаментінде жаңажылдық кезекшілікті және патрульдеуді қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері облыс бойынша тәулік бойы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 500-ден астам полиция қызметкері тартылды. Жаңажылдық түнде Петропавлда 210 полиция офицері мен сержанты, оның ішінде 75 әскери қызметші құқықтық тәртіптің сақталуын бақылады. Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күнінде “102” жедел арнасы арқылы 565 хабарлама қабылданды, оның 77-сіне жедел ден қою қажет болды.

Қаңтардың 1-і мен 4-і аралығында бір тәулікте екі ауысыммен қоғамдық тәртіпті сақтауға 15 автопатруль тартылды. Аталған күндері “102” арнасына 1 621 хабарлама келіп түскен, оның 366-сына жедел ден қою қажет болды. Бейне бақылау камераларының көмегімен 76 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жаңа жылдың алғашқы төрт күнінде облыс жолдарында екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, үш адам жарақат алған.

Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Қанат Қасенов мереке күндері тыныш өткенін атап өтті, ауыр қылмыстар мен ірі жол-көлік оқиғалары тіркелмеген. Полицияға көп жағдайда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар бойынша жүгінген.

Сондай-ақ, полицейлер желтоқсанның 15-сі мен 30-ы аралығында “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Лицензияланбаған пиротехниканы заңсыз сатқаны үшін 18 хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру