Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Подъездің жанында қалдырылған велосипедті ұрлап кеткен астаналық құрықталды

Құны 50 мың теңге тұратын Torrent маркалы велосипедінің ұрланғаны туралы иесі полицияға арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны Тілендиев даңғылындағы тұрғын үйдің кіреберісіне екі доңғалақты көлікті кабельге қоспай түнде қалдырған. Келесі күні таңертең ол велосипедтің жоғалғанын байқаған. Мүлкінің ұрланғанын түсінген жәбірленуші полицияға дереу хабарласқан.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрлық жасады деген күдікпен Астана қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтады. Велосипед ұрылық жасағанын мойындады, ұрланған велосипед тәркіленді.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір елордада бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана полиция департаменті велосипед ұрлығы жиілеп кеткенін ескертеді. Төмендегі ережелер олардың жоғалуын болдырмауға көмектеседі:

– велосипед жақтауларын белгілеу (жапсырмаларды орналастыру);
– велосипедтерді кіреберістерде (домофон орнатылған болса да), дүкендердің жанында және қалалық саябақтарда қараусыз қалдырмаңыз;
– сенімді велосипед құлыптарын қолданыңыз (U-құлыптары жақсы).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру