Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған ұрыны анықтады

Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған ұрыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам анықталды.

Тергеу барысында күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарында орналасқаны анықталды. Терезенің алдында жатқан күртешелер оның көзіне түскен. Жиналғандардың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірін алып, қалталарын тексере бастаған. Әмиянды қалтадан тауып алған ол, ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақшаны алып шыққан. Әмиянды күртешеге қайта салып, мешіттен шығып кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру