Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер елорда тұрғынынан гашиш оралған түйіншектерді тәркіледі

Полицейлер елорда тұрғынынан гашиш оралған түйіншектерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері күдік туғызған ер адамды тоқтатты. Жігіт көшеде келе жатып, мезгіл-мезгілмен тоқтап, жан-жағына жиі қарай берген.

Тексеру кезінде оның шалбарының қалтасынан, белгілі бір иісі бар өсімдік тектес сұр-жасыл түсті зат салынған 5 түйіншек және сөмкесінен тура сондай 10 түйіншек табылды. Одан әрі оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 15 түйіншек тәркіленді.
Тәркіленген гашиштың жалпы салмағы 530 грамнан асты.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті елордада есірткіні заңсыз өсіруді, транзитті болдырмау, есірткіні таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою мақсатында “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру