Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көрінеу жалған мәлімет берген қызды ұстады

Елордалық полиция қызметкерлері ұялы телефонының ұрланғаны туралы жалған шағым түсірген 23 жастағы қызға қатысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті жоғалған телефонының шығынын толтыру мақсатын көздеп, полицейлерге мобильді телефонының ұрланғаны туралы көрінеу жалған мәлімет берген. Қыз баланың айтуы бойынша, оның телефонын жолдасы екеуі өз машиналарымен жеткізіп тастаған белгісіз адам ұрлаған.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында күдіктінің телефонымды ұрлады деп белгісіз адамға кінә таға отырып, полицейлерге жалған мәлімет беріп, оларды жаңылыстырғанын анықтады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 419-бабымен (Көрінеу жалған сөз жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру