Полицейлер отбасы: елге қызмет – отбасына сүйіспеншілік
Қазақстандағы әр отбасының өзіндік тарихы бар, ал полицейлердің шаңырағы – қызметтегі адалдық пен жауапкершіліктің берік тірегі. Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері де күш-қуат пен сенімді отбасынан алады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өмірін құқық қорғау саласына арнаған жандардың бірі — жедел кезекші полиция подполковнигі Бейбіт Мейрамұлы мен Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, полиция капитаны Динара Жукубаева отбасы. Екі баланың ата-анасы ел тыныштығы мен отбасылық жылулықты қатар ұштастырып келеді.

Полицей мамандығы жауапкершілік пен тәуекелге толы болғанымен, отбасы – олардың басты тірегі әрі демеуі. Бейбіт Мейрамұлы: "Отбасы – менің күнделікті шабытым, қызметтегі табандылығымның негізі. Жақындарымның амандығы мен бақыты маған қоғамға адал қызмет етуге күш береді", – дейді.

Динара Жукубаева да өз ойымен бөлісіп: "Біздің қызметіміз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал отбасымыз – менің тыныш айлам. Өзара қолдау мен сүйіспеншілік бізге күш береді", – деп атап өтті.
Отбасы күні – әр қызметкер мен олардың жақындары үшін ерекше маңызға ие мереке. Бұл күн бірлікті нығайтып, өзара құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптейді. Мейрамұлы Бейбіт пен Динара Тәліповна үшін де бұл мейрам – отбасы құндылығын айқындайтын, балаларымен бірге бақытты сәттерді бөлісетін ерекше күн.

