Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер саябақта масаң күйде жүрген павлодарлықтарды жауапқа тартты

Полицейлер саябақта масаң күйде жүрген павлодарлықтарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусымда Павлодар тұрғыны полицияға қоңырау шалып, ол кешке саябақта балалармен серуендеп жүргенде балалар алаңында мас адамның жүргенін айтып шағымданды.

Павлодарлық серуендеп жүрген адамдарға кедергі келтірді.

– Полиция қызметкерлері мас адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді, сонымен қатар оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біраз уақыттан кейін “102” нөміріне тағы бір қоңырау келіп түсті, онда қала тұрғындары екі ер адамға шағымданды. Қалалық саябақта олардың біреуі жерде жатқан, екіншісі орындықта отырған. Екеуі де қатты мас болған.

Полиция қызметкерлері оларды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді, сондай-ақ олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, ведомствода ағымдағы жылы 5 220 адам осы баптың нормаларын бұзғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру