Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер тұрғындардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесті

Полицейлер тасымалдауға жарамсыз Ақтоғай тұрғындарының құжаттарын рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің бастығына ерлі – зайыптылар 1949 жылы туған Иван Кривченко және 1948 жылы туған Анастасия Кривченко өтінішпен жүгінді.

– Өкінішке орай, ерлі-зайыптылардың екеуі де тасымалдауға жарамсыз, – деді полиция Бөлімінің бастығы Қайыргелді Жақыпов.

– Осыған байланысты мен көші-қон қызметі тобының инспекторы Айсұлу Датпаеваға тұрғылықты жеріне барып, азаматтарды құжаттауды тапсырдым. Солай-ақ жасалды. Ерлі-зайыптылар риза болып, полиция қызметкеріне көрсетілген және уақытылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ал біз егде жұптарға көмек көрсеткенімізге, екі есе қуаныштымыз. – Қазір куәліксіз ешқайда, – дейді Иван Кривченко. Бірақ мен жүре алмаймын, полицияға қоңырау шалып, көмек сұрадым. Бастық Қайыргелді Жақыповпен сөйлесіп едім, ол көмектесуге уәде берді. Мен мұның бәрі тез арада шешіледі деп ойламадым. Мен, біздің проблемалық мәселемізге көңіл бөлген полицейлерге ризамын, келіп барлығын тез арада жасап бергендеріне. Оларға қызметте табыс тілеймін, жақсы күндері көп болсын. Және тағы қосарым оларға мықты денсаулық тілеймін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру