Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратты

Маңғыстау облысының полицейлері тұрғындарға медициналық бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаевтың тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты енгізілген шектеу шараларын бұзған азаматтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.


Қайырымды істер уақыты” акциясы Маңғыстау облысы ПД жергілікті полиция қызметінде өткізілді. Алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауды немесе сапарға жол жүрмеуді ескертті. Көшеге қорғаныс маскалары мен қолғаппен шығып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер санитарлық-эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен кезде тәртіп ережелерін орындамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына жеке қорғаныс құралдарын – бір реттік маскаларды таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру