Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ұялы телефонды иесіне қайтарып берді

Шымкент қаласында ұялы телефонын таксиде қалдырған тұрғын полицейден көмек сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 маусымда полицияға қала тұрғыны өз ұялы телефонын такси көлігінде қалдырып кеткендігін хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкері Н.Қуатов тұрғынның отырған көлігін тез арада анықтап, тауып, ұялы телефонды иесіне қайтарып берді.

Өз кезегінде жергілікті тұрғын Әл-Фараби АПБ-ның анықтаушыларына жедел әрекет етіп, көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру