Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

Панфилов ауданының полиция қызметкерлері азаматтарға арналған профилактикалық бейнеүндеу жазып, онда қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі — сталкинг, яғни мазасыз қудалау тақырыбын көтерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үндеуде құқық қорғау органдары цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілер қарқынды дамыған сайын интернет алаяқтық көбейетінін ескертті. Көзге зиянсыз көрінетін хабарламалар, жиі қоңыраулар немесе кездейсоқ кездесулердің артында адамның психологиялық жағдайына және қауіпсіздік сезіміне нұқсан келтіретін елеулі қауіп жасырынуы мүмкін.

Сталкинг — бұл қамқорлық немесе романтика емес, ол құқыққа қайшы әрекеттерге ұласуы мүмкін қысым көрсету түрі. Қудалауға тап болған адамдар көбіне үрейленіп жүреді. Әдеттегі өмір салтын өзгертіп, қарым-қатынасын және қозғалысын шектеуге мәжбүр болады.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға, мұндай жағдайға бейжай қарамауға шақырады.

— Егер өзіңізге қауіп төнгенін сезсеңіз — үнсіз қалмаңыз, полицияға жүгініңіз. Біз сізді қорғауға дайынбыз, — деп атап өтті Панфилов ауданының полиция қызметкерлері.

Заңнамада азаматтардың жеке өміріне қол сұғатын және қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл ретте құқықтарды қорғаудың басты факторы — жәбірленушілердің дер кезінде жүгінуі.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Қауіпсіздік — саналы әрекеттен басталады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру