Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның қоғамдық көмекшілері 70-ке жуық қылмысты ашуға көмектесті

Алматыда полицияның қоғамдық көмекшілері 70-ке жуық қылмысты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қалада қоғамдық тәртіпті қорғауға 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан әскери қызметшілері қатысады, олар 550 патрульдік бағытты жабады: олардың 300-і автокөлік, қалған 250-і жаяу жүреді.

– Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсететін бір қоғамдық ұйым және әртүрлі ұйымдардың жеті ұжымы белсенді қатысады. Олардың қатысуымен жыл басынан бері 68 қылмыс ашылып, 6 мың 482 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Еріктілер көбінесе учаскелік полиция қызметкерлеріне көмектеседі, оларда қазір 572 адам жұмыс істейді. Барлық жергілікті полиция бөлімшелері, олардың 102-і қалада жақсы материалдық-техникалық жабдықтар мен көліктерге ие. “Facebook” әлеуметтік желісінде бүгінде 102 аға учаскелік полиция инспекторлары бар екендігін еске салайын, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру