Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пробация” шарасының алғашқы нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысында “Пробация” алдын алу шарасының нәтижелері шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараның өзі қазір бүкіл республиканың аумағын қамтып отыр.

Оның мақсаты – есепке тұрған адамдардың тәртібін қадағалап, қоғамнан ошауланбаған сотталғандардың қылмысқа бармауын бақылау.
Мамандардың айтуынша, мұндай қадам статистикалық көрсеткіштерге оң әсер етеді.


Мысалы, бүгін Семей қаласының Әуезов аудандық пробация қызметі есебінде тұрған Т. есімді жазасын өтеуші мінез-құлқының түзелгенін іс-әрекетімен дәлелдей білгесін оны шартты түрде мерзімнен бұрын босату бойынша сот отырысы өтті. Сот оның өтінішін қанағаттандырып, шартты түрде мерзімнен бұрын босатты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру