Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайырымдылық акциясы Келес пен Сайрам ауданында жалғасын тапты

Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы Болат Қаныбековтің ұйымдастыруымен аудандық полиция қызметкерлері “Nur Otan” партиясының “BIZBIRGEMIZ” республикалық акциясы аясында “Ауызашар” челленджіне үн қосып, аудандағы 11 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік себетін таратып, қамқорлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Саттар Отыншиев пен “Nur Otan” партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабаев және “Сәт” медиахолдингінің тілшісі Мейірхан Берікбай еріктілер ретінде аудан көлеміндегі қаза болған Ауған соғысы ардагерлерінің және аса мұқтаж отбасыларын қасиетті Рамазан айы және мамыр айындағы мерекелермен
құттықтай келе, азық-түліктерді табыстады.

-Игі іске ұйытқы болған жандардың баршасына үлкен рахметімізді айтамыз. Полиция қызметкерлері мен “Nur Otan” партиясының мүшелері үйге азық-түлік алып келіп берді. Ораза айында жасап жатқан қайырымды істері еселеп қайтсын – дейді ауыл тұрғыны Әйгерім Мамбетова.

Аталған шара Абай, Жүзімдік, Ошақты, Біртілек аудандарында да жалғасты.

Сайрам аудандық Полиция басқармасының басшысының орынбасары Абзал Әуеновтың
ұйымдастыруымен полицейлер бұл жолы да тұрмысы төмен отбасыларға көмек
берді.

Қазіргі карантин кезеңінде тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына және аудандағы тұрмысы төмен отбасыларға, жалпы 15 отбасына қайырымдылық жасап, азық-түлік пен материалдық көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлерінің назар аударып, отбастарына арнайы келгеніне тұрғындарда дән риза. Шынайы алғыстарын білдірді. Дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да полицейлер тарапынан өз жалғасын таппақ.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру