Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алифиренко отбасы – заң мен денсаулықты сақтау сапында

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ. 

6 жасар Валерия Алифиренко бір айдан бері анасының күнде таңертең дайындайтын таңғы асы мен ұйықтар алдын күнделікті жұмысы туралы айтып беретін әңгімесін сағынды. Оның анасы Валентина Викторовна бірінші қалалық ауруханада мейірбике болып жұмыс істейді, онда коронавируспен ауырған науқастар емделіп жатыр. Ал, инфекция ошақтары аймағында жұмыс істейтіндер уақытша отбасынан бөлек тұрады. Мұның бәрі олардың үйіндегі жандар мен
айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Тату-тәтті тұрып жатқан Алифиренколар отбасының туыстары өте көп.

Отағасы Станислав Евгеньевич учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Оның жұмыс күні таңғы сағат 8-ден түнгі 11-ге дейін созылады. Полиция аға лейтенанты Қизатов көшесіндегі аумақтық полиция пунктінде қызмет етеді. Күні бойы түрлі мәселелермен қамқорлыққа зәру ондаған адамдар келеді. Өкінішке орай, көбінесе адамдарды қылмыстық көріністерден
немесе ішімдік ішкен көше бұзақыларынан ғана емес, сонымен бірге бір шаңырақ астында тұратын адамдардан зардап шеккендерді де қорғайтын жағдайлар да туындап жатады. Отбасы жанжалқойлары – полиция қызметкерлері үнемі профилактикалық әңгімелер жүргізіп тұратын, есепте тұрған адамдар. Кей жағдайда олармен сөйлескен кезде әкімшілік шараларды
түсіндіруден басталып, отбасылық құндылықтар жайлы жанға жылулық бететін әңгімелермен аяқталады. Бұл ретте, Станиславтың бөтен отбасында тыныштық сақтап, берекесін келтіруге септігін тигізген кездері аз емес.

Станислав пен Валентинаның отбасын құрғанына жеті жылдан асты, бүгінде отбасын қадірлеп, сақтап келеді. Олар бір-біріне деген сүйіспеншілік пен сыйластық қарым-қатынас негізгі тетігі болатын көп балалы екі отбасында дүниеге келген. Станиславтың үш үлкен әпкесі бар, оның жұбайы Валентина егіз қыздың – сыңары, одан бөлек екі үлкен ағасы бар. Қазір әркімнің өз отбасы бар, олар әрқашан бір-біріне көмек қолын созуға дайын тұрады. Қазіргі жағдайға байланысты Валентина үйге келе алмайды, ал Станислав болса өзінің қызметтік міндеттеріне байланысты үйіне тек түнеуге келеді, қиын-қыстауда әрқашан әжелері мен әпкелері жандарынан табылады. Олар кішкентай Валерияға әдеттен тыс режимде өтіп жатқан сабақтарын оқуға көмектесіп, кішкентай қыз анасын сағынғанда, оның көңілін аулауға тырысады. Карантиннің салдарынан көпшілікпен бірге, Алифренколар отбасы да өз жоспарларын өзгертулеріне тура келді.

– Мұнда тұрған еш нәрсе жоқ. Бұл жағдай да өтіп, бәрі орнына келеді. Әрине, біз демалысымызда бір жаққа баруды жоспарлаған едік. Көбіне, Бурабайға, Алматыға, Ресей қалаларына баратынбыз. Биылғы жылы алыс сапарға шығудан бас тартуға тура келеді. Ең бастысы, біз үшін анамыздың тезірек үйге оралғаны маңызды. Пандемия отбасымен бірге үйде уақыт өткізу үшін адамдарды біріктірді. Ал, бізді екі жаққа бөлген бұл сын біз үшін оңай болған жоқ. Алайда бәріне түсіністікпен қарап, адамдарды емдеу, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап беруіміз керек, – дейді Станислав.

15 мамыр күні бүкіл әлем Халықаралық отбасы күнін атап өткен кезде, ерлі-зайыпты Алифиренколар үшін бұл әдеттегі күн, өйткені олар аптаның қай күні болса да, мейлі мереке болсын ештеңеге қарамастан отбасылық қарым-қатынасты сақтай білген отбасы болып қала береді. Тек, биыл бұл ерекше күнді олар бірге өткізе алмайды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру