Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бес майор шыққан әулет

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ. 

Қызылорда қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде отбасы құндылығын сақтап, дәстүрді жалғап келе жатқан көпбалалы жанұялар бар. ҚАЖ саласында өз қызметтік міндетін  жауапкершілікпен атқарып , отбасындағы ұл- қыздарына үлгі – өнеге болып жүрген қызметкерлер көп.

Шаңырағының  берік іргетасын қалыптастырып, алты баласына тәлім тәрбие беріп, ұлттық рухани құн­дылықтарды бойына сіңіріп келе жатқан Мамай Жаңабергенұлының отағасы ретінде рөлі ерекше.

Мамай Жаңабергенұлы 15  жылдан астам ҚАЖ саласында еңбек етіп келе жатқан білікті де білімді мамандардың бірі.

Ол  қарапайым құрылысшы отбасында  дүниеге келген.Әкесі Жаңаберген қаламыздағы құрылыс саласына үлес қосса, ал анасы бала тәрбиесімен айналысқан. Жастайынан ата –анасы берген мол тәлім – тәрбиенің арқасында, өмірге деген құлшынысы, алға қойған арман мақсаты  болды. Бала күнінен арманы полиция қызметкері болу еді. Арманы орындалды.

Бас қосып бірге тұрып жатқандарына 44 жыл болған Жаңаберген аға мен Мирамкул апа, бс бала өсіріп, қазір немерелерінің қызығын көріп отырған бақытты қариялар. Бұл жанұяның ерекшелігі Мамайдың ағасы мен інісі, жеңгесі мен келіне де, құқық қорғау саласында қызмет атқарады. Мәуелі бәйтеректей жапырағын кеңге жайған әулетте бес майор, бір педагог, бір медицина қызметкері бар.Алдыңғы аға-апаларының салауатты өмір салтын, адамгершілік қағидасын көріп өскен үш ұлы да, жақсы азамат бой түзері анық. Мәуелі бейтеректей тамырын кеңге жайып, өсіп- өніп жатқан бұл әулет үшін,  ұлттық құндылықтарды дәріптеу жалғаса бермек.

Әулетте бақ пен берекенің салтанаты жалғасын таба берсін!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру