Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы ПД командасы мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында топ жарды

Қарағанды облысы полиция департаментінің командасы мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында топ жарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің командасы ұлттық спорт түрлерінен өткен ауқымды жарыста жоғары дайындық деңгейін, қайсарлық пен жеңіске деген ұмтылысын айқын көрсетті. Аталған турнир Ұлттық спорт ойындары күніне орай өңірлік Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен өтті.

Жарысқа түрлі мемлекеттік органдардың атынан қатысқан 22 команда бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. Бағдарламаға тек дене күшін ғана емес, зерделілік пен стратегиялық ойлауды талап ететін алты спорт түрі енгізілді. Атап айтқанда:

садақ ату;

арқан тарту;

тоғызқұмалақ;

асық ату;

қол күресі;

гір көтеру.

Тартысқа толы дода барысында полиция департаментінің қызметкерлері жоғары ұйымшылдық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетті. Әр кезеңде үздік нәтижелерге қол жеткізген команда жалпы есепте бірінші орынды иеленіп, өздерінің мықтылығын және жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру