Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 62 жасөспірім есепке қойылған

Қарағанды облысында 62 жасөспірім есепке қойылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтардан бастап Қарағанды ​​облысындағы білім беру ұйымдарында алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Олардың мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Іс-шараларға білім беру мекемелерінің ювеналды полиция қызметкерлері, әлеуметтік педагогтар мен сынып жетекшілері жұмылдырылған.

Мәселен, 496 мектеп аралап, құқықтық тақырыпта 3 238 лекция, қиын жасөспірімдермен жеке профилактикалық сипаттағы 2 004 әңгімелесу өткізілді. Сондай-ақ, ювеналдық полицияның есебінде 62 кәмелетке толмаған жасөспірім және 56 тұрмысы нашар отбасы тұр. Сонымен қатар, 81 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру