Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында асыл тұқымды күшіктерді ұрлады деген күдікпен ер адамдар ұсталды

Қарағанды облысында асыл тұқымды күшіктерді ұрлады деген күдікпен ер адамдар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің Шашубай елді мекенінің учаскелік полиция инспекторлары 10 сәуірде ауылдың шыға берісінде белгісіз көлікті тоқтатты. Өз ауылының тұрғындарының көліктерін жақсы білгендіктен полиция қызметкерлері ауылдан шыққан бөгде көлікті тексермек болған.

Көліктегі жүргізуші мен жолаушылар әлденеге мазасызданып, ауыл жаққа қарай бергені полицияға күдік тудырады.Олардың оғаш қылықтары тәртіп сақшыларының назарын аударып, олар көліктің салоны мен багажын тексерген. Ал көліктің жүк салғышынан олар “Қазақ тазысы” тұқымының төрт күшігін тапты.

Полиция қызметкерлері күшіктердің кімдікі екенін жақсы білгендіктен, 50 жастағы ауыл тұрғынының ауласына келіп, үй иесіне жолығып күшіктердің жоғалып кеткенін анықтады. Күшіктердің ұрланғанын біліп, оны өздігінен іздеген иесі еш жерден таппаған.

Ауыл тұрғынында әр күшіктің төлқұжаты болған. Келтірілген шығын 600 мың теңгені құрайды.

Балқаш қаласының үш тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру