Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері танысының көлігін ұрлап, сатқан күдіктіні анықтады

Ақмола полицейлері танысының көлігін ұрлап, сатқан күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 29 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам белгісіз біреу қаланың сауда үйлерінің бірінің тұрағында тұрған өзіне тиесілі “Volkswagen Passat Б-5” маркалы көлігін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 1 250 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған, Көкшетау қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұрланған көлікті тауып алып, нәтижесінде автомобильдің жаңа “иесін” анықтады.

Күдікті жәбірленушінің танысы бола тұра, оның ТҚС-да кепілде болған автокөлігіне техпаспортты сатып алғаны және алдау жолымен автокөлікті үшінші тұлғаға сатқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты іс жүргізу “келу міндеттемесі” мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру