Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қасында кішкентай ұлы бар мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

СҚО-да қасында кішкентай ұлы бар мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алкогольдік ішімдіктің буымен көлік құралын басқару ауыр салдарға әкеп соғатын, өрескел бұзушылық болып табылады. Осындай фактілердің алдын алу үшін полицейлер тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізеді, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өкінішке орай, кейбір жүргізушілер “ішімдіктен аздап ұрттап алып” көлік басқаруға болады деп санайды. Аудан орталығы Мамлюткадан кәмелетке толмаған ұлымен Петропавлға келген 45 жастағы тұрғын солай ойлаған. “ВАЗ-21120” көлігін тізгіндеген ол екі бөтелке сыра ішкеннен кейін, қала шетіндегі қозғалыс аз көшелердің бірінде қарсы бағыттағы “Volkswagen Passat” автокөлігімен соғылған. Абырой болғанда, жол апатында ешкім зардап шекпеді, көліктерге механикалық зақым келтірілген.

Жалпы келтірілген шығын шамамен 200 мың теңгеден астам. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша материал жиналды.

– Төрт жастағы бала қаладан анасы келіп алып кеткенше ювеналдық полицияның полицияның қарауында болды, – дейді Мамлют ауданының ПБ бастығы Серік Әлжанов. — Автомашина арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге сот шешімімен 20 тәулікке қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Бұдан басқа, ол жеті жылға жүргізу құқығынан айырылды. Масаң күйде рөлге отыруға жол беретін жүргізіушілер өз өмірін ғана емес, жолаушылары мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың тағдыры мен денсаулығын қатерге тігетінін естен шығармаған жөн.

Жыл басынан Мамлют ауданының аумағында полицейлер алкогольдік масаң күйде болған 11 жүргізушіні ұстады. Облыс бойынша осындай фактілердің саны 219.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру