Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” ЖПІШ өтуде

Қарағанды облысында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” ЖПІШ өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпан мен 23 ақпан аралығында Қарағанды облысында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасының басты  міндеті – кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жергілікті полиция қызметінің және әкімшілік полицияның бөлімшелері қатысуда.

  Айта кету керек, Қарағанды облысының аумағында 499 білім беру мекемесі бар. Олардың 206-сы  қалада және 293-і ауылдық жерде. Соның ішінде 183 мектеп жолға жақын орналасқан.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол техникалық инспекциясының қызметкерлері білім ошақтарының маңындағы көшелер мен жолдарды аралау жұмыстарын жүргізеді. Олар жол қозғалысын ұйымдастыруға және оны реттеудің техникалық құралдарының болуына ерекше көңіл бөледі.

  Әкімшілік полиция жергілікті атқарушы органдардың алдына мектеп жанындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін реттелетін жолға ауыстыру және жасанды жарықтандыруды жабдықтау қажеттігі туралы мәселені үнемі көтеріп келеді.

    Мәселен, тек 2021 жылы ғана полицейлердің ұсынысымен 63 мектептің жанына “Шекті жылдамдықты шектеу”, “Жаяу жүргіншілер өткелі” жол белгілері кешендері орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру