Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полицейлер браконьерді қолға түсірді

Қарағанды облысының полицейлері  браконьерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қазан күні Қарағанды облысы Ұлытау ауданының қызметкерлері “Браконьер”  жедел – алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жазық далада кетіп бара жатқан автокөлікті байқаған.

Полиция көлігін көрген автокөлік жылдамдықты арттырып, олардан қашып кетпекші болған.

Олардың ізіне түскен полиция қызметкерлері қашқан көлікті қуып жетіп, көлікті тексеру барысында автокөліктен киік еті және аңшы мылтығы табылған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337- бабына (Заңсыз аңшылық)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру