Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қалта ұрысы ұсталды

Қарағандылық полицейлер қоғамдық көлікте қалта ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қазан күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала орталығындағы аялдамалардың бірінен қимылдары күдікті азаматты байқаған.

Полицияға күдік тудырған азамат жан-жағына қарайлап, қалтасынан алып шыққан әмиянды ақтарып жатқан. 

Полиция қызметкерлері аталған азаматты тексеру барысында оның жаңа ғана қоғамдық көлікте белгісіз азаматшаның әмиянын ұрлап алғанын анықтаған.

Күдікті  Теміртау қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру