Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде

Жыл басынан бері Қарағанды облысында жол-көлік оқиғалары салдарынан  125 адам қаза тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, тек өткен 10 айдың ішінде елді мекендерден тыс жерлерде 85 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 52 адам қаза тауып, 136 адам жарақат алған.

Жол қозғалысын қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында облыстық Полиция департаменті 2020 жылғы 18-20 қараша аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысын қадағалауды күшейтіп, республикалық маңызы бар автожолдарда рейдтер өткізуде.

Негізгі міндет жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу болып табылады, әсіресе бұл жылдамдық режимін бұзуға және қарсы қозғалыс жолағына шығуға қатысты. Сондай-ақ қала сыртындағы жолдарда жүк техникасы мен мотоциклдерге ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру