Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғыны дүкен витринасынан екі күртешені ұрлап кетті

Қарағанды тұрғыны дүкен витринасынан екі күртешені ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 8-і күні Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші сауда үйлерінің бірінде жеке бутигі бар екенін айтты. Сағат 17.00 шамасында белгісіз біреу сатып алушылардың көптігін пайдаланып, екі күртешесін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 52 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдікті – Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру