Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда екі студент жоқ әйелдер киімін сату арқылы пайда көрмек болды

Алматыда екі студент жоқ әйелдер киімін сату арқылы пайда көрмек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше қылмысты жасады деген күдікке Н.есімді және К.есімді азамат ілікті. Екеуі де 20 жаста.

– Жастар танымал әлеуметтік желі арқылы жоқ әйелдер киімдерін сатумен айналысқан. Олар тауардың төмен бағасын көрсете отырып, пайдакүнемдік мақсатта жалған парақша ашып, бөтен жарнамалардың суреттерін орналастырғаны анықталды. Клиенттермен келіссөздерді тек Instagram арқылы жүргізген және ниеттерінің тазалығына сендірген. Төлемді банк шотына аударуды ұсынған. Жәбірленушілер ақша жіберген кезде олар дереу аккаунттың атын өзгерткен және оны бұғаттаған. Қазіргі уақытта полицияға төрт адам арызданды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының тумаларында бұған дейін заңға қатысты ешқандай қиындықтары болмаған. Қазір “кәсіпкерлер” уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергелуде. Полиция күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру