Қарағандыда алаяқ жоқ автобөлшектерді интернет арқылы сатты
Қарағандыда алаяқ жоқ автобөлшектерді интернет арқылы сатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамырда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын айтты.Жәбірленуші өзінің көлігіне қосалқы бөлшектер сатып алуды жоспарлап, айдан астам уақыт бұрын ол интернеттен автобөлшектерді нарық бағасынан төмен сатуға ұсынатын белгілі бір адамның жарнамасын тапқан. Сатушы тауарды жеткізу алдын-ала төлем жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылатынын айтып, төлем терминалдарының бірі арқылы 147 мың теңгені аудартып алған. Белгіленген уақытта тапсырыс берген тауарларды алмаған жәбірленуші алаяқтың жеміне түскенін түсініп, полицияға жүгінген.
«Hi-tech» профилактикалық іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Полиция күдіктінің екінші ұқсас қылмысқа қатысы бар екенін анықтады, яғни автокөлік бөлшектерін басқа жәбірленушіге 60 мың теңгеге «сатқан».
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.