Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер өнер додасында бақ сынады

Қарағанды облысының полиция департаментінде “Сарыарқа саңлақтары” атты өңірлік көркемөнерпаздар байқауы өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының полиция департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында “Сарыарқа саңлақтары” өңірлік көркемөнерпаздар байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды сақтау және дәріптеу, патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің мәдени әлеуеті мен рухын нығайту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету. Байқау ережесіне сәйкес әрбір полиция бөлінісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізушілерді, қойылым сценарийін, сондай-ақ вокалдық, музыкалық-аспаптық және хореографиялық нөмірлерді қамтитын шығармашылық бағдарламасын ұсынды.

Байқау бағдарламасында ұлттық музыкалық өнерге ерекше көңіл бөлінді. Қызметкерлердің орындауында домбырамен сүйемелденген халық әндері, күйлер мен аспаптық шығармалар орындалды.

Сонымен қатар домбыра, гитара, қобыз және басқа да музыкалық аспаптар пайдаланылды. Сахнада жеке орындаушылармен қатар дуэт, трио және квартет құрамындағы топтық вокалдық нөмірлер, сондай-ақ хореографиялық қойылымдар ұсынылды.

Қатысушылар байқау бағдарламаларын дайындау барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті, полиция қызметінің дәстүрлері мен беделін, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын көрсететін шығармаларға басымдық берді.

Өнерпаздарды арнайы көшпелі қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының төрағасы – Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Т.Мугманов болды. Қазылар алқасының құрамына – мәдени орталықтың басшысы А.Айтжанова, ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тобының өкілдері, ПД ақпараттық саясат бөлімінің өкілі, сондай-ақ тиісті полиция бөлінісінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы кірді.

Өңірлік байқау 2-9 қыркүйек аралығында Қарағанды облысы полиция бөліністерінде кезең-кезеңімен өткізілді. Оған Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров және Нұра аудандарының, Балқаш, Приозерск, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай және Қарағанды қалаларының полиция бөліністерінің қызметкерлері, сондай-ақ патрульдік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Өнер көрсетулерді бағалау кезінде орындаушылық шеберлік, вокалдық және музыкалық деңгей, сахналық мәдениет, байқау тақырыбына сәйкестік, нөмірдің мазмұны мен идеялық бағыты, ұлттық нақышы, көркемдік шешімі және ерекшелігі ескерілді.

Өңірлік байқау қорытындысы бойынша үздік жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар анықталды.

Жеңімпаздар полиция департаментінде өткізілетін Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада өз өнерлерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, өнер көрсеткен орындаушылардың арасынан ең үздік деп танылғаны Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінде ұйымдастырылатын финалдық байқауға қатысады.

Шығармашылық байқау полиция қызметкерлерін ұлттық мәдениет, өнер және ортақ құндылықтар төңірегінде біріктірген маңызды мәдени іс-шараға айналды.

Байқау ішкі істер органдарындағы қызметтің кәсіби міндеттерді орындаумен қатар, ел тарихына, салт-дәстүріне және мәдени мұрасына деген құрметті де қамтитынын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру