Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде ұландықтар қараусыз жүрген баланы ата-анасына табыстады

Жаңаөзенде ұландықтар қараусыз жүрген баланы ата-анасына табыстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 20:30 шамасында Жаңаөзен қаласындағы "Мұнайшы" саябағында патрульдік қызмет атқарып жүрген ҚР ІІМ Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қараусыз жүрген баланы байқап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Ердәулет Базарбай және патруль қызметін атқарған қатардағы жауынгерлер Ерназ Еспусинов пен Есболат Болысбек баланы бірден назарға алып, оның ата-анасын анықтау үшін тиісті шараларды қабылдады.

Көп ұзамай әскери қызметшілер баланың ата-анасын анықтап, оны аман-есен отбасына табыстады.

Ұландықтардың қырағылығы мен жауапкершілігінің арқасында жағдай дер кезінде бақылауға алынып, баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Әскери қызметшілердің қызметтік міндеттеріне мұқият қарауы оның қысқа уақыт ішінде жақындарына оралуына мүмкіндік берді.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күнделікті қызмет барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, азаматтарға түрлі жағдайларда көмек көрсетіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында ұландықтар қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша 1,3 мыңнан астам міндетті орындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру