Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда шетелдікті соққыға жыққан ер адам ұсталды

Қарағандыда шетелдікті соққыға жыққан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне жеке үйлердің бірінде жанжал болып, ер адам зардап шеккені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірінші болып Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің жеке құрамы келді.

Жәбірленуші Әзірбайжан Республикасының 28 жастағы азаматы өзінің досына қонаққа келгенін түсіндірді. Артынша белгісіз біреу пайда болып, жанжал шығарып, оған бірнеше рет соққы жасаған. Осыдан кейін күдікті көлікке отырып, кетіп қалған.

Полицейлер күдікті – 25 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру