Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда теледидар ұрлаған ұры ұсталды

Қарағандыда теледидар ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне 45 жастағы ауылдың тұрғыны хабарласқан. Ол бірнеше күн бойы үйде болмай, қайтып келгенде үйіне біреу ұрлыққа түскені туралы айтып шағымданды. Белгісіз адам есіктің құлпын жұлып алып, теледидарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 200 мың теңгені құрайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

6 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні, 58 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция ұрының басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру