Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үй қызметшісі үйді жинау барысында алтын бұйымдарды ұрлап кетті

Шымкенттік полицейлер алтын бұйымдарды ұрлап кеткен үй қызметшісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 7 шілдесінде Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, үй қызметшісі үй жинау барысында жалпы соммасы 400 мың теңге тұратын алтын сырға (1 дана) және алтын сақина (1 дана) ұрлап кеткенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары ұрлық жайты болған мекенжайға тез арада жетіп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, көршілерден сауалнамалар жүргізді.

Полицейлердің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған азамат ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын мейлінше қолдану қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру