Қарағандыдағы сауда орындарының бірінен шұжық ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағандыдағы сауда орындарының бірінен шұжық ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне аумаққа қарасты сауда орындарының біренен белгісіз біреу бірнеше дана шұжық ұрлады деген ақпарат түсті. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 43 мың теңгені құраған.
Сауда орынындағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасына зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында, полиция қызмектерлері сатушының бірнеше минутқа кассадан кеткенін пайдаланып, шұжықтарды алып шыққан күдіктінің жазбасы анықталды.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” аталған іске қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы күдікті анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.