Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да учаскелік инспекторлар есептегі сотталғандармен әңгімелесті

СҚО-да учаскелік инспекторлар есептегі сотталғандармен әңгімелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Петропавл қаласы учаскелік полиция пунктінің үй-жайында профилактикалық сипаттағы әңгіме тұрақты түрде өткізіледі

Аталған іс-шаралар пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды күшейту және сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауының алдын алу үшін жүргізіледі.

Әңгімелесу барысында сотталғандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жазаны өтеу шарттары мен тәртібі түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру