Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық ер адам бөтеннің атынан 2 млн теңгеге несие рәсімдеді

Біреудің телефонын тауып алып, оның атынан екі миллион теңгеден астам сомаға екі несие рәсімдеген қарағандылық ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамырда 46 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгініп, ұялы телефонын жоғалтқанын хабарлады. Біреу ұялы телефонын пайдаланып, оған бірден екі миллионнан астам теңгеге екі несие рәсімдеген.

Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

9 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру