Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: Павлодар облысында 36 мас жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 36 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері Павлодар облысының құқық қорғау органдары жол қозғалысы ережелерінің 3 мыңға жуық бұзушылықтарын анықтады.

Мәселен, Ақтоғай ауданының Приречинск ауылында Рейсер 110 маркалы мотоциклді мас күйінде басқарған 30 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ал Шарбақты ауданының Шалдай ауылында Honda CRV маркалы автокөлік тоқтатылды. Медициналық актіге сәйкес, жүргізуші мас күйінде болған. Мас жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жолданды.

– Ең көп құқық бұзушылықты қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған жүргізушілер жасады – 466 жүргізуші, жолды белгіленбеген жерде кесіп өткен немесе бағдаршамның қызыл сигналын елемеген 377 жаяу жүргінші жазаланды. Көлік құралын басқару кезінде телефонмен сөйлескені үшін 277 адам тартылды, 190-ы жылдамдық режимінен асып кетті, ал 8 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра көлік құралын жүргізген. Сонымен қатар, 36 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарған. Түрлі заң бұзушылықтар үшін айыппұл тұрағына 174 автокөлік қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру