Шымкенттік полицейлер бірнеше рет ұрлық жасаған әйелді анықтады
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері екі рет ұрлық жасаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қыркүйек Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында үйінің ауласында тұрған Toyota Camry маркалы көлігінен құны 35 мың теңге тұратын барсеткасын, оның ішіндегі 116 мың теңгесін және әрқайсысының құны 5 мың теңгеден тұратын екі дана ұялы телефонын жымқырып кеткендігін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 161 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, 30 қыркүйек жергілікті тұрғын Еңбекші ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы арызданған. Ол өз арызында дүкенінде құны 500 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы жазып көрсеткен.
Аталған жайттар негізінде тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде екі ұрлықтың бір адам жасағаны анықталды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа барған Шымкент қаласының тұрғыны тиісті басқармаға жеткізілді. Сондай-ақ, азаматша ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Қазіргі уақытта оның басқа да ұрлық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.