Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орында қайыршылық жасағандар жауапқа тартылды

Шымкентте қоғамдық орында қайыршылық жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпан аралығында қала аумағында “Таза қала” іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторылары Төлеби көшесі бойында қайыр тілеп отырған 1938 жылы туған азаматша анықталып, оған қатысты қоғамдық орында көпшіліктің мазасын алғаны үшін ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылар осын жағдайдайларды болдырмау мақсатында азаматшамен профилактикалық сұхбат жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру