Қонаққа келген азамат ұялы телефонды жымқырып кеткен
Нұр-Сұлтан қаласында қонаққа келген азамат үй иесінің ұялы телефонын жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотты болған 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады.
Ол танысының үйінде қонақта болып, спирттік ішімдік ішіп, ер адамның курткасының қалтасынан құны 65 мың теңге тұратын «Редми А8» маркалы ұялы телефонын ұрлап, пәтерден кетіп қалған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Күдікті кінәсін мойындады, заттай айғақ алынды және иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.